Алматыда 42 жылдан астам бұрын пайдалануға енгізілген құбыржолды жаңғыртады

Фото: Zakon.kz
Алматының Бостандық ауданында 1983 жылғы құбыржолды ауыстырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда Габдуллин, Жағалау маңы, Хамит Ерғалиев, Бұқар жырау желекжолы және Байтұрсынов көшелерінің контурымен төселген құбыржолды жаңғырту жүргізілуде.

Жалпы ұзақтығы 2,7 километрді құрайтын жылу трассасы 220-ден астам қала объектілерін жылумен қамтамасыз етіп отыр. Жазғы кезеңде Бостандық ауданының тұрғындарына ыстық су беру уақытша құбыржол арқылы қамтамасыз етіледі.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2025 жылдың 20 мамырынан бастап 1 тамызына дейін: Римский-Корсаков көшесімен (Бұқар жырау желекжолынан бастап Габдуллин көшесіне дейін); Габдуллин көшесімен (Нахимов көшесінен бастап Марков көшесіне дейін) автокөліктер қозғалысы жабылады.

Жалпы, ағымдағы жылы қалада 39 км жылу желілерін жаңғырту жоспарланып отыр. Бұл тозу деңгейін 54,1 % дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

"Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз." "Алматы жылу жүйесі" ЖШС
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео