Астаналық әйел интернет арқылы шаңсорғыш сатып алам деп алаяқтардың арбауына түсіп қалды

Фото: pexels
Шаңсорғыш сатып алмақ болған астаналық алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астаналық әйел интернет арқылы шаңсорғыш сатып алам деп алаяқтардың арбауына түсіп қалған. Жәбірленуші TikTok желісінен шаңсорғыштардың арзан бағамен сатылатыны туралы жарнаманы көрген. Өзін сатушы ретінде таныстырған қызбен хабарласқаннан кейін, тараптар төрт шаңсорғышты жеткізумен қоса сатып алуға келіскен. Сенгіш әйел сатушыға 300 мың теңге ақша аударған, алайда ақша түскен кейін сатушы байланысқа шықпаған.

Алаяқтың құрбаны болғанын түсінген әйел дереу полицияға жүгінді. "Anti fraud" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Алматы ауданының криминалдық полиция қызметкерлері интернет арқылы шаңсорғыш сату сылтауымен ақша алған 19 жастағы азаматшаны анықтады. Күдікті кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды