Мектеп директоры мен есепшісі мұғалімдердің жалақысы арқылы 71 млн теңге "табыс тапқан"

Сурет: Zakon.kz
Шымкенттегі мектептердің бірінің директоры мен бас есепшісі 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соттың мәліметінше, мектеп директоры 2022 жылғы ақпаннан 2024 жылғы тамызға дейін бас есепшімен алдын ала келісіп, мұғалімдердің жалақысын есептегенде артық сома аударып отырған.

"Есепші бұл қаржыны өз және туыстарының шоттарына аударып, кейін қолма-қол ақшаға айналдырып, иемденіп отырған. Мемлекетке келген жалпы шығын 71 миллион теңгеден асты", - делінген 2025 жылғы 22 мамырдағы сот хабарламасында.

Бұдан бөлек, 2022 жылы директор өзінің оқу ісі жөніндегі орынбасары арқылы бір мұғалімді декреттік демалыстан ерте шығару үшін 150 мың теңге пара алған.

Сот үкімімен директор мен есепші кінәлі деп танылып, әрқайсысы 8 жылға сотталды. Сондай-ақ олар өмір бойы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Үкім занды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты