Алматыда тағы бір заңсыз көлік жуу орны бұзылды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Қала құрылысы бақылау басқармасының хабарлауынша, сот шешімі бойынша Жуков көшесі мен Затаевич көшесінің қиылысындағы №135/17 мекенжайында орналасқан нысан бұзылды.

Меншік иесі (жеке тұлға) рұқсатсыз шаруашылық әдіспен көлік жуу орнын салғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2023 жылы 14 қарашада басқарма нысанды бұзу туралы талап арызды Алматы қаласы Медеу аудандық сотына жолдады, одан кейін сот процесі басталды.

Нәтижесінде талап арыз қанағаттандырылып, апелляциялық сот алқасы бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Іс Әділет департаментіне жолданып, 2024 жылғы 2 шілдеде атқарушылық іс жүргізу қозғалды.

Бұзу жұмыстары кеше сот орындаушыларының қатысуымен жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту туралы тапсырмасы аясында 2023 жылдың басынан бері 75 заңсыз нысан, оның ішінде "Мечта", KHAN тұрғын үй кешендері және т.б. толық немесе жартылай бұзылды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Алина Чистякова жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды

Австралияда маса шағып, сирек кездесетін вирус жұқтырған турист көз жұмды

2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру грант иегерлерінің тізімі жарияланды