Абай облысында мектеп оқушысының арманы орындалды

Сурет: ҚР ІІМ
Абай облысының полиция департаментіне ерекше хат келіп түсті. Оның авторы – 8 жастағы Аделя есімді үшінші сынып оқушысы. Ол өз ойымен, сезімімен және болашақ армандарымен бөлісіп, полицей болғысы келетінін жазған.

Жас жеткіншектің шынайы хаты департамент қызметкерлерін бей-жай қалдырмады. Олар Аделяға ұмытылмас күн сыйлауды жөн көрді.

"Сіздердің жұмыстарыңыз туралы білгім келеді. Бізді қорғайтыныңыз үшін, адамдарға көмектескендеріңіз үшін рахмет. Бұл – маңызды әрі оңай емес жұмыс", – деп жазды Аделя Instagram парақшасындағы балалар айдарын көріп.

Қызметкерлер кішкентай қонаққа полиция департаментінің жүрегі саналатын Жедел басқару орталығына экскурсия ұйымдастырды. Мұнда барлық "102" арнасына келіп түскен қоңыраулар қабылданып, полиция нарядтары оқиға орнына жіберіледі.

Аделя бейнебақылау жүйесінің қалай жұмыс істейтінін, құқық бұзушылықтарға қалай жедел әрекет ететінін өз көзімен көрді. Қызметкерлер оған учаскелік полицей, тергеуші, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектордың жұмысын таныстырды. Ең бастысы – оның арманына қанат бітірді.

"Аделяның хаты бізге кім үшін қызмет етіп жүргенімізді еске салды. Балалардың өздерін қауіпсіз сезінуі мен әділдікке сенуі – біздің басты міндетіміз", – деді полицейлер.

Аделя полиция логотипі бейнеленген блокнот пен жарқын әсерлерге толы естеліктерді, ең бастысы – болашақта полиция формасын киюге деген асқақ арманын алып кетті.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/abaj-oblysynda-mektep-oqushysynyng-armany-oryndaldy/

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды