ChatGPT Қазақстанда ҚҚС төлеуші болды

Фото: pexels
2025 жылдың мамыр айынан бастап ChatGPT Қазақстанда қосылған құн салығын төлеуші ​​болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2022 жылдан бастап Қазақстанда цифрлық қызметтерге салық – "Google салығы" сәтті енгізілді. Бұл шара ел нарығында жұмыс істейтін трансұлттық ІТ-компанияларға әділ салық салу жолындағы маңызды қадам болды.

Жаһандық цифрлық платформалармен өзара іс-қимылды жетілдіру аясында 2025 жылғы мамырдан бастап OpenAI, L.L.C. компаниясы шартты түрде тіркелді. Бұл — жасанды интеллект саласындағы жетекші америкалық ұйым, кеңінен танымал ChatGPT интеллектуалдық жүйесінің әзірлеушісі.

"Енді Қазақстан аумағындағы жеке тұлғаларға қызмет көрсеткені үшін ChatGPT Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қосылған құн салығын төлейтін болады." Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

Комитет цифрлық секторда ашықтықты қамтамасыз ету, заңнаманы сақтау және тиімді салық салу бағытында жұмысын жалғастырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Синоптиктер Алматыда ыстықтың беті қашан қайтатынын айтты. Бір аптаға арналған ауа райы болжамы

Алматы мен Шымкентте аптап ыстық болады, Астанада нөсер жауады: тамыздың алғашқы күндеріне болжам

Зейнетақы аннуитеті арқылы БЖЗҚ-дағы ақшаны шығарып алуға болады ма - сарапшы

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады