Қазақстанда пойыздар бейнекамералармен жабдықталуда

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылғы 29 мамырда ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында ҚР Көлік министрлігіне қарасты Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Жәнібек Тайжанов Қазақстанда жолаушылардың жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлініп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәнібек Тайжановтың айтуынша, қазіргі таңда "Тальго" вагондарында 1300-ден астам бейнебақылау камерасы орнатылған.

"Біз екі жыл ішінде барлық пойыздарды бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етеміз деп отырмыз. Қазіргі уақытта екі жеке тасымалдаушы бейнекамералар орнатып жатыр", – деді ол.

Сонымен қатар ол елде әйелдерге арналған вагондардың саны артқанын атап өтті. 1 маусымнан бастап Орал – Маңғыстау бағыты бойынша қосымша әйелдер вагоны іске қосылады.

Осылайша, жаңа вагон енгізілгеннен кейін "Әйелдер вагоны" қызметі көрсетілетін бағыттар саны 12-ге дейін артады.

Бұған дейін сақ дәуіріне тиесілі алтын жәдігерлердің жеке коллекциядан мемлекетке қайтарылғандығы хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі