Павлодар облысында ірі көлемде мефедрон өндірген күдікті Ресейде ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысында ірі көлемде мефедрон өндірген күдікті Ресейде ұсталды. Ол бір жыл бойы есірткі зертханасын ұйымдастырумен айналысқан, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысы прокуратурасының үйлестіруімен құқық қорғау органдарының қызметкерлері Ресей Федерациясының Свердлов облысында Қазақстан азаматын ұстады. Ол еліміздің аумағында есірткі зертханасын ұйымдастырған.

"Ұсталған азамат 2024 жылы Павлодар облысының аумағынан жеке үй сатып алып, онда аса ірі көлемде "мефедрон" есірткісін өндірген. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, - деп хабарлады облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта прокуратура күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау шараларын жүргізіп жатыр.

Бұл қылмыс 12 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бұл – махаббат емес". ІІМ адамды аңдып, қудалағаны үшін жауапкершілік барын ескертті

Алматыда 10 қарашада күн +20°C-қа дейін жылып, келесі күні қар жауады

Жалақыдан ұсталатын салықты есептеу жеңілдейді: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылады

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды