Жамбылда ұсақ малдың жүні кәдеге аспай, қоқыста жатыр

Сурет: pixabay
Еліміз бойынша Жамбылда ғана тасы өрге домалаған тері өңдеу ісі енді түбегейлі тоқтамақ. Өйткені өткізетін жер жоқ.

Салдарынан, аймақта аяқ асты болған мал терісі тау боп үйіліп, шіріп жатыр. Дәл осылай жүн қабылдайтын жерді де іздеп таппайсыз. Сорақысы өңірде жылына 3 млн бас қойдың жүні қоқысқа айналып, далаға төгіледі, деп жазады qazaqstan.tv.

Үсенбек Мұқанов 25 жылдан бері мал терісін қабылдаумен айналысады. Енді адал кәсібін алдағы аз күнде түбегейлі тоқтатпақ. Өйткені халықтан қабылдаған өнімді өткізетін кәсіпорын жоқ. Тері өндірісі тұралағанына тура 10 жыл болғанымен, биыл тіпті құлдырап кетті дейді.

"Мынау жинаған 25 тонна теріміз, бостан босқа үйіліп жатыр. Ешкімге керегі жоқ, кәдеге жарамай ысырап болды. Шамамен 5-6 млн теңге жайынан жатыр ғой осы жерде." Үсенбек Мұқанов, кәсіпкер

Кезінде 2-3 мың теңгеге бағаланған қой терісі қазір 10 теңгеге татымайды, сиырдан сыпырылғаны 400 теңгеге құлдыраған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі