Астанада өзгенің көлігін айдап кеткен күдікті ұсталды

Фото: Zakon.kz
Елордалық полицияға 37 жастағы тұрғынның көлігін бейтаныс азаматтың заңсыз иемденіп алғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Есіл ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді.

Тергеу барысында анықталғандай, 36 жастағы азамат күндіз Әл-Фараби көшесінде Lada 21901 автокөлікті айдап кеткен.

Ол көліктің есігі ашық, ал кілті салонында болғанын пайдаланып, еш кедергісіз иемденіп кеткен.

Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын 2 миллион теңгені құрады.

Аталған факті бойынша автокөлікті ұрлау мақсатында емес, заңсыз иемдену дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Тергеу барысында күдіктінің бұрын да дәл осындай қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрланған көлік иесіне қайтарылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды