Енді АҚШ пен Еуропадан әкелінетін дәрі-дәрмектер Қазақстанға жылдам жетеді

Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 3 маусымда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев кейбір елдерден әкелінетін дәрі-дәрмектер неге жеделдетілген тәртіппен тіркелетінін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Спикер қазіргі таңда дәрі-дәрмектердің Қазақстан аумағына кіру ережелері мен моделі тым күрделі екенін және көп уақыт алатынын мойындады.

"Орта есеппен дәрілік заттың Қазақстан аумағында айналымға түсуі үшін 2 жылдан 5 жылға дейін уақыт қажет", – деді Ержан Нұрлыбаев.

Алайда бұл процесті Денсаулық сақтау министрлігі қайта қарастырып жатыр. Біріншіден, "бір терезе" қағидаты бойынша композиттік қызмет енгізіледі. Осы қызмет аясында дәрі-дәрмектерді 100 күннің ішінде тіркеуге мүмкіндік беретін норма іске асырылады.

"Бізде күшті реттеуші жүйелері бар елдер бар. Осыны ескере отырып, екінші рәсім – көрсетілген тізімге кіретін елдерден әкелінетін дәрі-дәрмектерді жедел тіркеу. Бұл елдерге ЕО елдері, Жапония, АҚШ, Ұлыбритания жатады. Аталған елдерден келген дәрі-дәрмектерді тіркеу 15 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылмақ", – деп түйіндеді Ержан Нұрлыбаев.

Бұған дейін Маңғыстау облысында полицияның тұрғыннан ақша бопсалағандарды анықтағанын жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді