Алматы облысында жолдарда жасырын бақылау жүйесі іске қосылды

Сурет: polisia.kz
Алматы облысында интеллектуалды жасырын патруль жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысының полицейлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстарын жалғастыруда. Цифрлық трансформация аясында және жол қауіпсіздігін бақылауды күшейту үшін өңірде "EkinPatrol X Spotter Mobile" атты заманауи фото және бейнебақылау кешенімен жабдықталған жасырын патруль жүйесі енгізілді.

Қазіргі таңда арнайы айырым белгілері жоқ қызметтік көліктер облыс жолдарында қозғалыста жүр. Олар бейнебақылау және аналитикалық жүйелермен жабдықталған. Бұл технологиялар нақты уақыт режимінде жылдамдықты асыру, тұтас жолақтан өту, қарсы бағытқа шығу, қауіпсіздік белдігін тақпау, жалған немесе оқуға келмейтін нөмірлерді қолдану сияқты құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеп, жедел әрекет ету орталықтарына жолдайды.

Сондай-ақ іздеуде жүрген көліктерді де анықтай алады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады