Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу жеңілдеді

Фото: Zakon.kz
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жүргізуші куәлігін алу кезінде 073/у медициналық анықтамасын автоматты түрде тексеру жүйесін енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 10 маусымда таратылған ақпаратқа сүйенсек, корпорация Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесін (ХҚКО АЖ) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен интеграциялауды аяқтады.

"Нәтижесінде жүргізуші куәлігін алу кезінде 073/у үлгісіндегі жалған медициналық анықтамаларды ұсыну ықтималдығы жойылды. Енді "Жүргізуші куәлігін беру" мемлекеттік қызметін алу барысында азаматтардан қағаз түріндегі анықтама талап етілмейді. Медициналық тексеруден өту нәтижелері ХҚКО ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түседі. Бұл өтініштерді қарау процесін жеделдетуге, жалған құжаттар ұсыну жағдайларын болдырмауға және жүргізуші куәлігін беру рәсімінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді", – деп мәлімдеді "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы.

Жүргізушілерге, егер жүргізуші куәлігінің мерзімі әлі аяқталмаған болса және оны ауыстыру қажет болса, медициналық тексеруден өтудің қажеті жоқ екені ескертілді. Сондай-ақ, психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден анықтама тапсыру талап етілмейді.

Бұған дейін Қазақстанда шетелдік туристерге жағдай жасау жөнінде бірқатар ұсыныс айтылғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды