Қытай – Польша бағытымен келе жатқан контейнерден 1 019 ноутбук ұрланғандар сотталды

Транзиттік контейнерлерден 633 млн теңгенің техникасын ұрлағандар сотталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2026 18:35 Сурет: polisia.kz
Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Қазақстан аумағы арқылы Батыс Еуропа елдеріне бағыт алған транзиттік жүк контейнерлерінен қымбат техника ұрлаудың бірнеше дерегін ашты. Мұны көліктегі ПД бастығының бірінші орынбасары Теміржан Рамазанов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Абай облысының төрт тұрғыны анықталып, ұсталған. Тергеу деректеріне сәйкес, олар алдын ала сөз байласып, жүк пойыздарының контейнерлеріне бірнеше рет заңсыз кіріп, ноутбуктер мен ойын приставкаларын ұрлаған.

"Атап айтқанда, өткен жылдың мамыр айында Жетісу облысындағы Торпалды станциясында Қытай – Польша бағытымен келе жатқан контейнерден 1 019 ноутбук ұрланған. Кейін ұрланған техниканың бір бөлігі Алматыда сатылған. Аталған ұрлық салдарынан жүк тиесілі компанияларға жалпы сомасы 633 млн теңге көлемінде материалдық залал келтірілдій, – деді Т. Рамазанов.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында көлік полицейлері қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп, ұрланған техниканың бір бөлігін тәркіледі. Қылмыстық іс бойынша фигуранттардың кінәсі толық дәлелденді.

"Жетісу облысы Алакөл аудандық сотының үкімімен төрт сотталушы аса ірі мөлшерде ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оларға 6 жыл 7 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – деп түйіндеді сөзін Т. Рамазанов.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: