Алматылық фотограф Асы жайлауының көзтартарлық суреттерін жариялады

Сурет: Instagram/dots_foto
Алматылық фотограф Дмитрий Доценко Асы жайлауындағы керемет көріністермен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл таңғажайып суреттерді 10 маусым күні өз парақшасына жүктеді. Суреттерде жаңа жайқалып келе жатқан шөптер, түрлі-түсті гүлдер, киіз үйлерін тіккен шопандар және бұлт арасынан түсіп тұрған әлсін күн сәулесі бейнеленген.

"Асы жайлауында жаз осылай басталады. Жаңа шыққан шөптер, гүлді кілемдер, шопандар ендігі киіз үйлерін тігіп те үлгерген. Ал бұлт арасынан түскен жарық айналаға ерекше көрініс сыйлайды. Әсем де жылы көрінетін пейзаждар", – деп жазды Доценко өз жазбасында.

Оның өнеріне тағы бір мәрте тәнті болған жанкүйерлері фотографқа ерекше алғыстарын білдірді.

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында өзеннен өтпек болған 300 шақты киікті ағыс алып кеткендігі хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз