Батыс Қазақстан облысында өзеннен өтпек болған 300 шақты киікті ағыс алып кетті

Сайгак, сайгаки, сайга, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2025 11:45 Фото: wikimedia/Andrey Giljov
Батыс Қазақстан облысында 300-ден астам киік қырылып қалды. Бір үйір дала жануары өзеннен өте алмай арам қатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының ақпаратынша, киік қырғыны Ресеймен шекаралас Қазталов ауданындағы Сарыөзен су айдынында болған. Мамандардың мәліметінше, бұл жер ақбөкендердің жортатын жолы екен. Сондықтан өзен суы лайланып, кейбір жері балшыққа айналған. Лай су мен биік жардан өту үлкен киіктерге қиын болмағанымен, құралайлар өзеннен өте алмай суда қалған.

Мамандар бұл жерден 308 киіктің өлексесін тапқан. Арам қатқан жануарлар қазір арнайы орынға жеткізіліп, жойылып жатыр.

"Киіктер бір жерден өтпейді, мысалы, Жәнібек ауданының Таловка ауылының маңынан басталса, Сарыөзен Қазталов ауданынынан Қошанкөл, одан да асып кетеді. Яғни көп мөлшерде, сондықтан кезекшілік қоюға мүмкіндік жоқ".Нұрлан Рахымжанов, БҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумағының инспекция басшысы

Бұған дейін Жаңаөзен маңындағы мұнай ұңғымасында апат болғандығын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: