Жаңаөзен маңындағы мұнай ұңғымасында апат орын алды
Фото: pexels
10 маусым күні Жаңаөзен қаласына жақын орналасқан Теңге ауылы маңындағы мұнай ұңғымасында газдың шығуы тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы өңірлік Экология департаменті мәлімдеді.
"Сағат 08:30 шамасында Теңге ауылынан 500 метр қашықтықта орналасқан "Petro НефтеГазсервис" ЖШС-не тиесілі №553 ұңғыманы бұрғылау кезінде төтенше жағдай орын алып, газ шығарылды. Сағат 08:40-та кәсіпорын қызметкерлері қажетті жұмыстарды жүргізіп, жағдайды оқшаулады", – делінген ақпаратта.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға орнындағы қоршаған ортаға келуі мүмкін әсерді бағалау үшін зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары атмосфералық ауаның аспаптық өлшеулерін жүргізген.
Экология департаменті өлшеу нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы қосымша ақпарат берілетінін нақтылады.
Бұған дейін Астанада спорт-барда ұрлық жасаған күдіктінің бейнебақылау камерасына түсіп қалғандығын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript