Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстау облысындағы мұнай ұңғымасында өрт шығып, бір жұмыскерді күйік шалды

Маңғыстау облысы, мұнай ұңғымасы, "Оңтүстік Қаратұрын" кен орны, өрт, мұнайшы, күйік, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2023 10:40 Сурет: Zakon.kz
Маңғыстау облысында мұнай ұңғымасында өрт шығып, жұмысшы зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының мәліметінше, ер адамның сол жақ білегі күйіп, қабырғасы сынған, бірақ аруханаға жатқызылмайтын болды.

"Оңтүстік Қаратұрын" кен орнындағы ұңғыма 9 маусымнан бері өртеніп жатыр.

Мамандар ұңғымадан шыққан өрт сәт сайын жер астына қарай бойлап барады дейді. Тіпті су шашса да әсер ететін түрі жоқ. Сондықтан төтеншеліктер өртті өшіру үшін бетон аралас қоспа құймақшы.

"Қазір скаважина айналысында жер босап төмен қарай түсіп жатыр. Кратер ұңғымасы орын алып отыр. Диаметрі 15 метр, тереңдігі 23 метрге дейін. Скважина төменгі жерге кіріп бара жатыр. Сол себепті жоғары қысымды газ бен су қосындысын тоқтату үшін фланец орнату мүмкін болмай тұр. Ұңғыманы терең бетон қосындыларымен толтыруға шешім қабылданды. Қазір ерітінді дайындалып жатыр". Маңғыстау облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Нұрлыбек Айжарықов

9 маусымда сағат 3:25-те "Бозашы Мұнай" ЖШС " Оңтүстік Қаратұрын" мұнай-газ кен орнындағы Южный учаскесінде №303 ұңғымаларды бұрғылау кезінде 1088-1090 метрге жеткенде ашық газға ұласқан газ-су қоспасы атқылады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: