ТЖМ Маңғыстау облысындағы газ ұңғымасында болған апатқа қатысты тың мәлімет ұсынды

Маңғыстау облысында газ ұңғымасында болған апат жойылды. Бұл туралы 2025 жылы 7 маусымда ҚР ТЖМ баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұсынылған дерекке сәйкес, апатты жағдайды жою үшін оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары және "Ақберен", "Оңтүстік мұнай сервис", Nobilis Corp және Varro Operating Group компанияларының мамандары тартылды.
"Оқиға орнында жедел штаб құрылып, онда апатты жою бойынша жұмыс жоспары жасалды. Ауаны газ аналитикалық аппаратурамен өлшей отырып, ұңғыма сағасының жай-күйі зерттелді. Оқиға орнына келген қызметкерлер мен мамандар құбыр кеңістігі арқылы ұңғыманы жабу жұмыстарын жүргізді. Крест превенторын бөлшектеп, ағып кетуді болдырмау және тығыздауды қамтамасыз ету үшін ұңғыманың кіреберісіне жаңа қорғаныс элементін орнатты". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Сондай-ақ ұңғымадан 60 метр қашықтықта өрт шыққан жағдайда су жинау үшін траншеяны қазу жұмыстары жүргізілді.
"Зардап шеккендер жоқ. Апаттың туындау себебі анықталуда", - дейді төтеншеліктер.
Бұған дейін Маңғыстау облысында "Толқын" кен орнындағы газ ұңғымасында болған апат болғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript