Газа секторынан эвакуацияланған отандастарымыз Каирға келіп жетті
Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Бүгін, 2023 жылы 15 қарашада Газа секторынан эвакуацияланған отандастарымыз Каирға жетіп, қонақ үйге жайғасты. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сондай-ақ қазақстандық дипломаттар мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері оларға барлық қажетті көмекті, оның ішінде психологиялық қолдау көрсетіп жатқаны нақтыланады.
"Сонымен қатар ҚР азаматтары мен олардың отбасы мүшелеріне құжат рәсімдеу мәселелері қаралу үстінде". ҚР СІМ баспасөз қызметі
Алдында эвакуацияның бірінші кезеңі жүзеге асырылып, нәтижесінде "Рафах" бақылау-өткізу пункті арқылы Газа секторынан Мысыр аумағына 92 Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелері өткені хабарланған.
Газа секторынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау кезең-кезеңмен жүзеге асырылып жатқанын баса айта кеткен жөн.
Атыс-шабыс тоқтағанның орнына күшейе түсуіне байланысты қос азаматтығы бар Газа секторының тұрғындары жан-жаққа бас сауғалауда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript