Газа секторынан Қазақстанның барлық азаматы эвакуацияланды
Сурет: Zakon.kz
Газа секторынан Қазақстанның барлық азаматы эвакуацияланды. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлімдеді.
Қақтығыс өршіген аймақтан бүгінде 127 отандасымыз оралды. Ал бір жерлесіміз отбасы мүшелерімен Газа аумағында қалған.
Олар эвакуациялаудан бас тартты. Министрлік Таяу Шығыстағы жағдайды бақылап отыр, деп жазады qazaqstan.tv.
Егер қазақстандықтардан елге қайтуға өтініш түссе, көмектесуге дайын отыр.
Ал Израиль Газа секторында әскери операциясын жалғастырып жатыр.
Палестиналық анклавта қаза тапқандар саны 18 мыңнан асты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript