Астанада спорт-барда ұрлық жасаған күдікті бейнебақылау камерасына түсіп қалды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2025 13:24 Фото: Zakon.kz
Астанада 30 жастағы тұрғын спорт-бардан бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам таң сәріде спорт-бардың кіреберіс есігінің кілтін тауып, нысан ішіне заңсыз кірген. Күзет болмағанын пайдаланып, кассада жатқан жұмыс телефонын ұрлап кеткен. Нысан иелеріне келтірілген шығын 200 мың теңгеден асады.

"Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті ұрланған құрылғыны бірден сатып жіберген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның жеке басы анықталып, ұсталды", – делінген хабарламада.

Астана қалалық полиция департаменті кәсіпкерлік нысан иелеріне қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын тағы бір еске салды:

  • Қозғалыс датчиктері мен қашықтан қолжетімді бейнекамералар орнатыңыз – бұл төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге көмектеседі.
  • Есте сақтаңыз: қарапайым сақтық шараларының өзі қылмыстың алдын алып, мүлкіңізді қорғауға сеп болады.

Бұған дейін Жамбыл облысында әскери қызметкер өгей ұлын өлтірді деген күдікке ілінгені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: