Астанада ер адам бұрын өзі күзеткен нысаннан 21 млн теңгенің кабелін ұрлаған
Фото: polisia.kz
31 жастағы тұрғын кезінде өзі күзетші болып жұмыс істеген нысаннан миллиондаған теңгенің электр кабелін ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу мәліметінше, ер адам нысанның аумағына еркін кіріп, электр кабелін жасырын түрде алып кеткен. Ұрланған мүліктің жалпы құны 21 миллион теңгені құрайды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталып, ол қолға түсті. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Анықталғандай, ол нысанның құрылымын, күзет жүйесін және материалдық құндылықтардың орналасуын жақсы білген. Осыны пайдаланып, қылмысқа барған.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript