Астанада кафені жалға алған ер адам өзін қожайын етіп көрсетіп, 21 млн теңге иемденген

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2026 22:11 Фото: Zakon.kz
Астанада кәсіпкерлік нысанды жалға алған ер адам өзін кафе иесі ретінде таныстырып, сатып алушыны алдап кеткен. Ол жалған мәміле арқылы 21 миллион теңге алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 41 жастағы елорда тұрғынын ұстады.

Тергеу мәліметінше, күдікті белгілі бір мерзімге жалға алған нысанды өз меншігіндегі мүлік ретінде көрсеткен. Ол сатып алушымен келіссөз жүргізіп, өзін кафенің заңды иесі ретінде таныстырған және жалған ақпарат беру арқылы жәбірленушінің сеніміне кірген.

Кейін тараптар арасында жалған сатып алу-сату мәмілесі жасалып, күдікті 21 миллион теңге көлемінде ақша алған. Алайда қаражатты алғаннан кейін өз міндеттемелерін орындамай, ізін суытқан.

Алданғанын түсінген жәбірленуші полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің кім екені анықталып, ол ұсталды.

Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция коммерциялық нысандарды сатып аларда меншік құқығын растайтын құжаттарды тексеріп, мәліметтерді мемлекеттік дерекқорлар арқылы нақтылауға кеңес береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: