Астанада ер адам жалға алған пәтерді тонап кеткен

Астана, пәтер ұрлығы, пәтерді жалға беру, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2023 10:24 Сурет: pexels
Астаналық тұрғын пәтер тонады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

7 желтоқсанда Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Есіл ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ірі ұрлық жасады деген күдікпен 30 жастағы елорда тұрғынын ұстады. Ол пәтерге жалға алушы ретінде кірген.

Астаналық жігіт жалға берілетін баспананы хабарландыру арқылы тауып, пәтер иесімен сөйлесіп, пәтерді ұзақ мерзімге жалға алуға дайын екенін айтқан. Ол пәтер ақысының бірінші айын бірнеше күннен кейін, кейін ай сайын төлеп тұрулға уәде берген.

Бес күннен соң пәтер ақысын алуға келген үй иесі сан соғып қалғанын түсінген. Пәтерді жалға алмақ болған жігіт жалпы құны 200 мың теңге болатын тұрмыстық техникаларды тып-типыл етіп тонап кеткен. Алданғанын түсінген әйел полицияға шағымданыпты.

Күдікті көп ұзамай ұсталды. Оның бұған дейін де сотталғаны белгілі болды. Қазір оның үстінен "Ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, полицейлер оның елордада осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: