Атырау облысында түйелер белгісіз індеттен қырылып жатыр

Атырау облысында түйелер белгісіз індеттен қырылып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2025 23:27 Сурет: видео скрині/КТК телеарнасы
Атырау облысында түйелер белгісіз індеттен қырылып жатыр. Маусымнан бері Құрманғазы ауданында 200-ден астам қос өркешті жануар ауырып, 84-і арам қатқан. Қазір 50-ден астам түйені мал дәрігерлері емдеп жатыр, бірақ ветеринарлар мұның не індет екенін таба алмай жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz
"Биыл түйелер ауырып, қатты қиындық көріп отырмыз. Себебі жалғыз мен емес, осы ауылдық бәрінде де түйе өліп жатыр. Ауруын таба алмай қатты қиналып отырмыз. Менің бес ана түйе, екі бота өлді. Дәрігерлер көмегін жасамай жатқан жоқ, олар бар көмегін жасады. Біз тек сол малмен күн көріп отырмыз. Біздің ауылдың тыныс тіршілігі тек қана сол мал". Фазиля Қабдолова

КТК телеарнасының хабарлауынша, Құрманғазы ауданына қарасты ауылдарда былтыр да түйелер дәл осылай белгісіз індеттен өлген. Бірақ шаруалар биыл жағдай өршіп тұр дейді. Дыңғызыл, Еңбекші, Мақаш ауылдарында мал шығыны тым көп екен. Өлекселерді әкімдік шетінен көміп жатыр. Ветеринарлар сынамаларын Ұлттық референт ветеринария орталығына жіберген. Алайда қауіпті қоздырғыш анықталмапты.

Осылайша төрт түліктің төресі қандай ауруға шалдығып, қырылып жатқаны беймәлім. Ал ауыл шаруашылығына жауапты мамандар министрлікке ұсыныс жібердік дейді.

"Облыс әкімдігі тарапынан ауыл шаруашылығы министрлігі, ветеринарияны бақылау және қадағалау комитетіне ұсыныс хат жолданып, осы аурудың нақты неден пайда болғанын анықтау мақсатында арнайы мамандарды жібертуін сұрадық. Енді хабар күтіп отырмыз". Атырау облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы, ветеринария бөлімінің бас маманы Ықылас Азаматов
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: