Алматыда полицейлер азаматтық қару иелерін тексерді

Сурет: ҚР ІІМ
Алматы қаласында "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы жалғасып жатыр.

Науқан басталғаннан бері Алматы қаласы полиция департаментінің азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, қару иелерінің қаруды сақтау шарттарының сақталуын бақылау мақсатында мекенжай бойынша тексерулер ұйымдастырды.

Бүгінгі күнге дейін 691 қару иесі тексеріліп, қаруды сақтау ережелерін, сондай-ақ қаруды тіркеу және қайта тіркеу мерзімдерін бұзудың 17-ден астам дерегі анықталды.

"Жіберілген құқық бұзушылықтар үшін қару иелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Біз тексерумен шектелмейміз, әрбір қару иесімен қаруды сақтау ережелері мен рұқсат құжаттарының мерзімдерін қатаң сақтау туралы профилактикалық әңгіме жүргізіледі. Сондай-ақ бұзушылықтардың салдары, оның ішінде қылмыстық жауапкершілікке дейін жеткізілетіні ескертіледі", – деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Алматы қаласының полициясы, қаруды тұрғылықты жерде сақтау белгіленген талаптарға сай болуы керектігін еске салады. Қару иелері рұқсат құжаттарының мерзімін уақытында ұзартуға және азаматтық пен қызметтік қарудың айналымы саласындағы заңнама нормаларын қатаң сақтауға міндетті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты