ШҚО-да үш күн бұрын жоғалған жасөспірім қаңырап қалған ғимараттардың бірінен табылды

Сурет: polisia.kz
15 жастағы Александр Коверзин 9 маусымнан бері із-түссіз жоғалғандардың қатарында болған. Қуанышқа орай, ол аман-есен табылып, қазіргі уақытта туыстарына тапсырылды. Жасөспірімнің өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жасөспірім – көршілес мемлекеттің азаматы. Оның жоғалғаны туралы хабар түскен бойда Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жедел түрде ауқымды іздестіру шараларын ұйымдастырды.

Қала мен оның айналасын, су қоймаларының жағалауын, қаңырап бос қалған және иесіз ғимараттарды, орман алқаптарын тінту жұмыстарына 500-ден астам полиция қызметкері тәулік бойы жұмылдырылды.

Іздеу жұмыстарына тәртіп сақшыларымен қатар, құтқарушылар, әскери қызметшілер, қызметтік иттері бар кинологтар мен дрондар тартылды. Іс барысында азаматтардың белсенділігі де маңызды рөл атқарды: жергілікті тұрғындардың бірі әлеуметтік желілердегі бағдар арқылы ұқсас жасөспірімді көргенін айтып, шамамен жүрген орнын көрсеткен.

Іздеу жұмыстарының үшінші күні жасөспірімді полиция қызметкерлері Александр Исаев Ермек пен Қуаныш Акемеев қаңырап қалған ғимараттардың бірінен табылды.

Жасөспірімнің айтуынша, ол үйінен әдейі шығып кеткен және біраз уақыт жалғыз болғысы келген. Осы уақыт ішінде ол жалғыз өзі иесіз ғимаратта болған. Қуанышка орай, оның денсаулығына зиян келген жоқ. Ол анасына тапсырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

ЭЦҚ және жалған ЖК арқылы: Түркістан облысында бюджеттен 103 млн теңге қалай ұрланған

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді