Қазақстанда әкелер күні аталып өтіліп жатыр

Сурет: pixabay
Бүгін – Әкелер күні, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанда әкелер күні ресми түрде маусымның үшінші жексенбісінде атап өтіледі.

Бұл күн 2023 жылдан бастап "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңға енгізіліп, ресми мереке ретінде белгіленді.

Мәдениет және ақпарат министрлігі қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.

"Әке – отбасының арқа сүйер тірегі, бала үшін өмірлік бағыт беретін тұлға. Осы ерекше күні барша әкелерімізге қамқорлығы мен қолдауы, махаббаты мен мейірімі үшін шын жүректен алғыс айтқымыз келеді. Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат тілейміз. Еңбектеріңіз әрдайым лайықты бағаланып, қуаныш әкелсін. Жанұяларыңызда шаттық пен махаббат, береке мен бірлік орнасын! Баларыңыздың қызық-қуанышына кенеліп, мерейлеріңіз арта берсін. Мерекелеріңіз құтты болсын!", - делінген құттықтауда.

2023 жылғы маусым айында Қазақстандағы мерекелік күндер тізімі жаңа мерекелермен толықты – Аналар күні мамыр айының екінші жексенбісінде аталып өтеді. Әкелер күні – маусым айының үшінші жексенбісінде тойланады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,8 трлн теңгеге жетті: Қаржы министрлігі түсініктеме берді

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі