Үндістанда тікұшақ апатынан жеті адам қаза тапты

Сурет: Х/ThePulseIndia
Үндістанның солтүстігіндегі Гималай тауларында тікұшақ апатқа ұшырап, жеті адам көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

PTI агенттігінің мәліметінше, бортта алты қажы мен бір ұшқыш болған. Апаттан аман қалған ешкім жоқ.

"Апат Гаурикунд ормандарының үстінде, ауа райының қолайсыздығынан болды", - деді Үндістанның Уттаракханд штатындағы Рудрапраяг округінің төтенше жағдайлар қызметінің өкілі Нандан Сингх Раджвар.

Тікұшақ таңертең ерте теңіз деңгейінен 3 500 метр биіктікте орналасқан Кедарнатх ауылынан ұшып шыққан. Ұшқаннан көп ұзамай жерге құлап, өртеніп кеткен.

2025 жылғы 12 маусымда Үндістанның Гуджарат штатындағы Ахмадабад әуежайында Лондонға бет алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған. Ұшақ тұрғын үйлер орналасқан ауданға құлап, ұшқаннан кейін көп ұзамай жарылып кеткен. Бортта болған 241 адамның 240-ы қаза тауып, тек бір жолаушы – 40 жастағы британдық Вишвашкумар Рамеш тірі қалған. Ол ұшақтағы 11А орнында отырған. Апат кезінде ол туған інісінен айырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі