Алматыда мас жүргізушілер ұсталды

Фото: Zakon.kz
Алматыда полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түнгі профилактикалық рейд өткізді.

Шараның мақсаты – жол-көлік оқиғалары мен жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың алдын алу болды.

Рейд барысында ондаған заң бұзушылықтар анықталды.

Көлікті мас күйінде жүргізгені, сақтандыру және техникалық байқаудан өтпегені, әйнектері қараңғыланған және мемлекеттік нөмірсіз көлік жүргізгені үшін жүргізушілерге хаттамалар толтырылды.

Бағдаршамның қызыл түсіне өту, маневр жасау ережелерін бұзу, көлікті дұрыс қоймау және төтенше жағдай туғызу деректері тіркелді.

"Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету біз үшін басты міндет болып қала береді. "Профилактика жылы" және "Заң мен Тәртіп" қағидатын ұстанып, құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары күн сайын жалғасатын болады", – деді, Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады