Маңғыстау облысында бірнеше ауылда қара қоңыз қаптап кетті

Сурет: pixabay
Маңғыстаудың Бейнеу ауданында қара қоңыз қаптап, тұрғындардан маза кетті. Жәндіктер ауыл-аймақтарды жаппай жайлап, тұрғын үйлерге дейін кіріп кеткен. Халық не істерін білмей отыр.

Құзырлы орган да мұндай жағдайдың бұрын-соңды болмағанын айтып, аң-таң. Сондықтан адамға зияны бар-жоғын анықтау үшін жәндіктер зертханаға жіберілді.

Ауылдықтар қоңыздар құдықтарға да түсіп, су іше алмай, қинылып отырғандарын жеткізді. Тұрғындардың арасында жәндіктермен өз бетінше күресіп, улап жатқандар да бар, деп жазады qazaqstan.tv.

Аудандағы мамандар мұндай жағдай бұрын-соңды болмағанын айтады. Сондықтан қаптаған қара қоңыздың қаншалықты зиян екенін анықтамақ.

"Бұл табиғи құбылыс. Табиғи құбылысқа кім не істей алады, ештеңе істей алмаймыз. Бірақ анықтап жатырмыз бұл қоңызды, лабораторияға жіберіп, анық-қанығын біліп карантиндік па – белгілі болғаннан кейін жауабын береміз." Дастан Мұқанов, Бейнеу аудандық фитосанитария бөлімінің басшысы

Зертхананың қорытындысы ертең шығуы тиіс. Мамандар тұрғындарға өз бетінше улау жұмыстарын жүргізбей, дезинфекция қызметіне жүгінуге кеңес берді.

Ақтау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады