Астанада жүйкесі сыр берген жүргізушілер Тұран даңғылының қақ ортасында төбелес шығарды

Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 16 маусымда желіде екі ер адамның Астананың Тұран даңғылының бойында жанжалдасып, тіпті бір-бірін итеріп жатқаны түсірілген видео кең таралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейнежазбада екі азаматтың даңғылдың ортасында бірін-бірі итеріп, сөзге келіп жатқаны көрінеді.

Бұл жағдайға қатысты Астана қаласының полиция департаменті түсініктеме берді.

"Полицейлер әлеуметтік желілерді мониторингтеу кезінде Тұран даңғылының бойында екі ер адамның қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, өзге жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндіріп, жанжал шығарған сәті бейнеленген видеоны анықтады. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін екі құқық бұзушы да 5 тәулікке қамауға алынды", – делінген полиция хабарламасында.

Ведомство өкілдері жол кеңістігі жанжал шешетін орын емес екенін баса айтты.

"Барлық құқыққа қарсы әрекеттер жазасыз қалмайды және заң шеңберінде қатаң тоқтатылады. Жол қозғалысына қатысушыларды бір-біріне құрметпен қарауға және жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз", – деп түйіндеді полиция өкілдері.

Бұған дейін Маңғыстау облысында бірнеше ауылда қара қоңыз қаптап кеткендігін жазған болатынбыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады