Алматыда "Арыстан" базары сүріліп жатыр

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Ақсай-4" шағынауданындағы жалпы көлемі 2000 шаршы метрден асатын базар соттың шешімімен сүріледі, деп мәлімдеді Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы.

Бұрындары жоспардан тыс жүргізілген тексеру барысында "Арыстан" базарының бір бөлігі еш рұқсат құжаттарынсыз тұрғызылғаны анықталды. "Фирма Тигрохауд" ЖШС меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды

Анықталған жайттарға байланысты басқарма аудандық сотқа заңсыз тұрғызылған базар алаңдарын бұзу туралы талап арыз жолдаған еді.

2024 жылғы 1 наурызда сот ауданы базардың 2125,62 шаршы метр болатын бір бөлігін бұзу туралы шешім шығарды, 2024 жылғы 19 шілдеде Алматы қалалық соты бірінші шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен сүру жұмыстары басталды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда алғашқы қар жауып, күн -4°C-қа дейін суытады

"Қалың қар жауып, бұрқасын жүреді". Еліміз бойынша 22 қазанға арналған ауа райы болжамы

21 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

2027 жылдан бастап АӘК беру мөлшері мен шарттары бекітілді

"Менің жаңалығым осы еді". Димаш TikTok-та тікелей эфирде отыр