Алматыда ертеңнен бастап тағы бір бағытта жаңа электр автобустары пайдалануға беріледі

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда қоғамдық көлік жүйесін дамыту және экологиялық ахуалды жақсарту аясында қала автобустары жаңартылып жатыр. City Bus жекеменшік автопаркі Skywell маркалы электр автобустарын сатып алды. Бұл жөнінде Алматы қаласының мобильділік басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жолаушылар тасымалдауға арналған бұл төмен еденді, кең сыйымдылықты электр автобустар бір қуатпен 400 шақырымға дейін жүре алады. Олар дыбыссыз қозғалады, бейнебақылау камералары, кондиционер, USB-қуаттағыш порттары, жүргізушіні бақылау жүйесі және өзге де заманауи жүйелермен жабдықталған.

Жаңа автобустар 2025 жылы 22 маусымнан бастап №19 бағыт бойынша, яғни "Нұркент тұрғын үй кешені – Алматы көшесі" аралығында жолаушы тасымалдай бастайды. Сонымен қатар бұл бағыттағы жолға шығатын автобустар саны 16-дан 18-ге дейін арттырылмақ.

Айта кетерлігі, 2024 жылы Алматының мобильділік басқармасы 600 газбен жүретін автобус, 112 троллейбус және 100 электр автобусын сатып алған болатын. Бұған қоса, қала ішінде 3 жаңа және қала маңына 20 бағыт ашылды.

2025 жылы әкімдік тағы 600 газбен жүретін автобус сатып алуды көздеп отыр. Ал жекеменшік тасымалдаушылар тағы 118 электр автобус сатып алуды жоспарлаған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды