Алматыда менингококк инфекциясын жұқтырғандар күрт көбейді

Сурет: Zakon.kz
Жыл басынан бері Алматыда менингококк инфекциясының жеті дерегі тіркелді. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне қаланың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.

Департамент басшысының орынбасары Әсел Халықованың айтуынша, зертханалық жолмен расталған жеті деректің үшеуі – ересектер арасында, төртеуі – 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталған.

“2024 жылғы осы кезеңде бес дерек тіркелген, оның екеуі – 14 жасқа дейінгі балалар арасында”, - деді ол.

Бұл жағдайларға байланысты менингококк инфекциясы бойынша 192 адаммен байланыс болғаны анықталып, олар медициналық тексеруден өтті. Олардың арасынан тасымалдаушылар табылған жоқ.

Менингококк инфекциясы – Neisseria meningitidis бактериясы қоздыратын өткір жұқпалы ауру. Ол ауа-тамшы жолымен (жөтелу, түшкіру, сөйлеу кезінде) беріледі. Инфекцияның инкубациялық кезеңі 2 күннен 10 күнге дейін, көбінесе 2-4 күнге созылады.

Сондай-ақ мегаполисте алдын алу мақсатында 3 817 адам тексеруден өтті, оның ішінде 2 598 адам – жабық мекемелерге түскендер, 1 219 адам – қауіп тобына жататындар. Олардың арасында да тасымалдаушылар анықталған жоқ.

Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті менингококк инфекциясының ауырлығы назофарингиттен бастап бірнеше сағат ішінде өлімге әкелетін найзағай тәрізді сепсиске дейін өзгеретінін ескертіп отыр. Аурудың бастапқы белгілері нақты емес, қарапайым тұмауға ұқсайды – дене қызуының көтерілуі, бас ауруы.

"Негізгі клиникалық белгілеріне мыналар жатады: аурудың күрт басталуы, дене қызуының 39°C және одан жоғары көтерілуі, шыдатпайтын бас ауруы, жүрек айнусыз құсу, ол жеңілдік әкелмейді, геморрагиялық бөртпе, желке бұлшықеттерінің керілуі, тыныс алудың бұзылуы, селқостық, естің шатасуы". Әсел Халықова

Ауру әдетте маусымдық сипатқа ие. Инфекцияның ең көп таралуы күз-қыс мезгілінде, әрі қарай наурыз-сәуірде жалғасады.

Дәрігердің айтуынша, бұл кезеңде адам иммунитеті әлсірейді, өйткені сол уақытта тұмау, ЖРВИ секілді басқа вирустар да белсенді болады.

"Иммун жүйесі толық қалыптаспағандықтан, көбіне 5 жасқа дейінгі балалар, жасөспірімдер мен жастар ауырады. Бұл жастағы адамдар көбінесе адам көп жиналатын қоғамдық орындарда, ойын-сауық мекемелерінде жүреді. Мұндай жерлерде тәуекел факторлары көп – адамдардың тығыз орналасуы, темекі тарту, ортақ сусын қолдану және т.б.", - дейді Қалықова.

 Менингококк инфекциясының алдын алу үшін эпидемиологтар келесі кеңестерді ұсынады:

"Өкінішке қарай, кейбір ата-аналар бұл аурудың қаншалықты қауіпті екенін толық түсінбейді. Сондықтан кәсіби медициналық көмек алудан бас тартып немесе дәрігерге кеш жүгінеді", - деп түйіндеді маман.

Менингит — әлемдегі ең қауіпті 10 инфекцияның бірі. Оның күрт басталуы мен ауыр ағымын ескерсек, алғашқы белгілер байқалған сәтте дереу дәрігерге көріну қажет.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты