Ақсуда тұрғынды бұтақ шаншып өлтірді: билік оның барлық несиесін жабады

Сурет: Zakon.kz
Ақсуда дауыл кезінде бұтақ шаншып кеткен әйелдің отбасына қала әкімдігі көмек көрсететін болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың тапсырмасы бойынша қаза тапқан Марина Валерьевна Пахомова есімді азаматшаның отбасына келесі бағыттар бойынша материалдық көмек көрсетілді:

Хабарламада айтылғандай, жиналған қаражат жерлеу мен ас беру рәсімін ұйымдастыруға, сондай-ақ бір жылдығына ескерткіш тас орнатуға жұмсалған. Бұл іспен еріктілер айналысып жатыр. Марқұммен қоштасу рәсіміне туыстарын жеткізу үшін арнайы автобус бөлінген.

"Сондай-ақ, Kaspi Bank, Halyk Bank және KMF микроқаржы ұйымындағы барлық несиесі өтеледі. Бұдан бөлек, қаза тапқан әйел тұрған пәтердің 2025-2026 жылдардағы (екі жыл) жылу мен су қызметтері бойынша коммуналдық төлемдері де өтеледі", - деді әкімдік өкілдері.

2025 жылғы 19 маусымда Павлодар облысында дауыл соғып, ондаған адам жарақат алған. Ақсуда бір әйел қатты жел кезінде бұтақ шаншып өліп кеткен.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді