Осыдан бір жарым жылдан астам уақыт бұрын жас астаналық Алматыда әскери борышын өтеп жүріп ауыр жарақат алған. Ал бір күн бұрын, яғни 2025 жылдың 24 маусымында массажист Ұлпан Советбекқызы сауығу барысын айтты.
"Бүгін Ербаян Стамбулдан оралғаннан кейінгі сауықтыру жұмыстарының басталғанына тура 4,5 ай толды. Баяу болса да, тұрақты түрде алға ілгерілеуді байқап отырмын. Қазір ол арқасын тік ұстай алады, аяғында тұрады, мойнын бақылай алады, сол қол-аяғында айтарлықтар реакция бар, салмақ қосты, ауыз-қуысымен толықтай жұмыс жасай аламыз— ал бұл бастың ауыр операциясынан кейін небәрі 7,5 ай өткенде қол жеткен өте жақсы нәтиже. Бұл процесс баяу, бірақ тұрақты жүріп жатыр, бұл осындай ауыр операциядан кейін ерекше маңызды." Ұлпан Советбекқызы
Маманның айтуынша, алда Ербаянды емделудің екінші кезеңі күтіп тұр, яғни Стамбулға қайта баруы керек.
"Мен алғашқы күннен бері сенемін: толық қалпына келуге аз ғана қалды. Сіздерден сұрарымыз, Ербаян үшін дұға етіңіздер. Ол бәрін сезіп, бәрін түсініп отыр. Сіздердің қолдауларыңыз біз үшін өте маңызды. Рақмет сіздерге." Ұлпан Советбекқызы
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Ербаян Мұхтар 2023 жылы 4 желтоқсанда дәретханадағы плиткаға басын соғып, жарақат алған. Ол Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұлан бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген. Оқиға бойынша тергеу басталды, бірақ күдіктілер анықталмады.
Жас жігіт жарақаттан кейін еңбекке жарамсыз болып, мүгедектік алды. Оған ота жасалып, Түркияға емделуге жіберілді.