Астанада азаматтарды сан соқтырған күдіктіге қатысты тергеу басталды

Фото: Zakon.kz
Астана қаласында алаяқтық фактісі бойынша 45 жастағы азаматшаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Күдікті өзін тәжірибелі риэлтор ретінде таныстырып, әлеуметтік желілер арқылы пәтер алып беремін деп азаматтардың сеніміне кіріп, олардың ақшасын иемденген. Ол бірнеше тұрғыннан әртүрлі көлемде алдын ала төлем алған.

Жәбірленушілердің айтуынша, күдікті бастапқыда сенім ұялату үшін нақты пәтерлердің фотоларын, құжаттарын көрсетіп, шынайы келісім жасалатындай әсер қалдырған. Кейіннен уәделерін орындамай, түрлі сылтаумен ақшаны қайтармаған.

Тәртіп сақшылары оның осыған ұқсас 30-ға жуық эпизоды бар екенін анықтады. Келтірілген шығын көлемі шамамен 175 млн теңгеден асады.

Алданған азаматтардың саны көбейіп келе жатқаны байқалады. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі