Қазақтың тоғызқұмалақ ойыны Оңтүстік Кореядағы арнайы сыныптардың оқу бағдарламасына енді

Сурет: Қазақстан Тоғызқұмалақ федерациясының баспасөз қызметі
2025 жылғы 24-30 маусым аралығында Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында тоғызқұмалақтан алғашқы халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарысқа Оңтүстік Корея, Моңғолия, Үндістан және Қазақстан елдерінен ерлер мен әйелдер спортшылары қатысты.

Турнирдің мақсаты – тоғызқұмалақты халықаралық деңгейде насихаттап, елдер арасындағы достық пен мәдени байланысты нығайту.

Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы елшісі Нұрғали Арыстанов, Қазақстан Тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әкім Тұрсын, Монголия Тоғызқұмалақ федерациясының президенті Нұрбек Жырғаұлы, сондай-ақ Корея тоғызқұмалақ федерациясының президенті Doh Hun Bae қатысып, ойыншыларға сәттілік тілеп, турнирдің маңыздылығын атап өтті.

Жарыс аясында классикалық форматта ойындар өтіп, шеберлік сабақтары мен мәдени бағдарламалар ұйымдастырылды.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Дархан Әнуарбеков, Ринат Керейбаев, Аяна Исахан, Гүлнәр Базаралиева, бас жаттықтырушы Айнур Жакапбаева ұлттық ойынды насихаттауға өз үлесін қосып жатыр.

Бұл турнир тоғызқұмалақтың әлемдік деңгейде дамуына серпін береді.

Былтыр қыркүйек айында Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменовтің бастамасымен Sanghee Oh ханым басқаратын Сеулдегі Математика және ойындар Академиясымен Дүниежүзі тоғызқұмалақ федерациясы арасында меморандумға қол қойылған.

Содан бері Кореяның тоғызқұмалақ қайраткерлері белсенді жұмыс істеп, қазақтың ұлттық ойынын арнайы сыныптардың бағдарламасына да енгізді.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды