Маңғыстау облысында ұлыбританиялық туристер мінген автокөлік сорға батып қалды

Водитель, водители, машина, машины, автомобиль, автомобили, руль, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2026 17:50 Фото: pexels
ТЖМ құтқарушылары Маңғыстау даласында Ұлыбританиядан келген туристерге көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 112 пультіне Маңғыстау ауданының Тұзбайыр шатқалы ауданында шетелдік туристер мінген автокөліктің сорға батып қалып, әрі қарай қозғала алмай тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар жіберілді. Көлікте Ұлыбритания азаматтары – екі ересек адам мен 12 жастағы бала болған. Жер бедерінің күрделілігі мен топырақтың батпақты болуына байланысты көлікті шығару жұмыстары бір тәуліктен астам уақытқа созылды.

"Жүргізілген операция нәтижесінде құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен автокөлікті шығарып, оны бағыттың қауіпсіз учаскесіне жеткізді", – делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Туристерге медициналық көмек қажет болған жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: