Алматыда 36 жастағы ер адам тауда жарақат алды

Алматыда 36 жастағы ер адам тауда жарақат алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.07.2025 15:16 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
ТЖМ құтқарушылары тауда жарақат алған туристке көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушыларға теңіз деңгейінен 3200 м биіктіктен Фурманов шыңынан түсу кезінде 1989 ж.т. ер адам аяғынан жарақат алып, өздігінен таудан түсе алмай жатқандығы туралы хабар түсті.

Көмек көрсету үшін ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы дереу шықты.

Қимасар шатқалы ауданына келген құтқарушылар қараңғы уақытта күрделі тау бедерімен көтеріле бастады. Көру мүмкіндігі шектеулі, тік беткейлер мен тасты жерлерге қарамастан РЖҚЖ құтқарушылары зардап шегушіге тез арада жетті.

Ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, содан кейін құтқарушылар оны төмен қарай тасымалдай бастады. Құтқарушылардың үйлесімді жұмыстардың арқасында ер адам таудан түсірілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: