Борышкерлердің сатылған мүлкінен Қазақстан бюджетіне қанша ақша түсті

Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 2 шілдеде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Аудит департаменті қарызды басқару басқармасының басшысы Қайсар Арын борышкерлердің сатылған мүлкінен Қазақстан бюджетіне қанша ақша түскенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол өткен жылы борышкерлердің сатылған мүлкінен бюджетке шамамен 1,5 миллиард теңге түссе, биылғы жылдың 1 шілдесіне 700 миллион теңге түскенін атап өтті. Негізінен өндірістік ғимараттар, жер телімдері мен көліктер сатылады.


"Мен барлығына ашық аукционға қатысуға, қарап шығуға, кіруге кеңес бере аламын. Мұнда өндіріс орындары, көліктер, арнайы техникалар, өндіріске арналған жер телімдері бар.Әрине, олар нарықтық құны бойынша бағаланады, бірақ олар аукционға шығарылған кезде бастапқы баға минус 35% құрайды. Тағы да қайталаймын, 100 теңгеге бағаланса, бастапқы баға 65 теңгеден басталады.Аздап арзанырақ алуға осындай мүмкіндік бар деп ойлаймын. Әрине, бұл борышкердің мүлкі, моральдық тұрғыдан ескірген болуы мүмкін", – дейді Қайсар Арын.

Бұған дейін Ақтау тұрғындарына алимент бойынша қарызын өтеу үшін пәтер мен 33 миллионды беру керек болғаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі