Жасөспірімдердің 40 пайызы энергетикалық сусындарға тәуелді

Фото: pexels
Елімізде жасөспірімдердің 40%-ы энергетикалық сусындарға тәуелді. Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы жүргізген соңғы зерттеулердің нәтижесі осындай.

Оқу-ағарту министрлігі де балаларға сатуға тыйым салынса да, саудасы қызып тұрғанын айтып, кәсіпкерлерге үндеу жасады.

"Энергетикалық сусын сатып алуға келген адамның жасын растайтын құжатты тексеріңіздер.

Сөрелерде тек зияны жоқ екені дәлелденген өнімдер тұруы тиіс" делінген министрліктің хабарламасында.

Еске салсақ, 1 қаңтардан бастап энергетикалық сусындарды 21 жасқа толмағандарға сатуға заң жүзінде тыйым салынды, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұған көнбейтін кәсіпкерлер әуелде 55 мың, қайталанса 2 есе "айып" төлейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз