Қазақстандықтар зергерлік бизнестен 400 миллион теңге шығынға ұшырады

Сурет: flicr
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті "Ansar Gold" қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.

Өздерін зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға 5 ай ішінде салынған қаражаттың 40–60%-ы көлемінде ай сайын табыс түсетінін және негізгі капиталдың сақталуына кепілдік берілетінін уәде еткен.

Алайда, іс жүзінде төлемдер тауар сатуынан түскен табыстан емес, жаңа қатысушылардың салымдары есебінен жүзеге асырылған.

Нәтижесінде бұл қаржы пирамидасына 200-ден астам адам тартылып, 400 млн теңгеден астам қаражат салынған.

Сонымен қатар, күдіктілер өздерінің туыстарын "дроп" ретінде тартып, олар арқылы басқа қатысушылардан түскен ақшаны қолма-қол шешу үшін олардың банк карталарын пайдаланған.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушы қамауға алынды.

Қазіргі уақытта оған тиесілі автокөлік пен тұрғын үйге шектеу қойылды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін