Дауыл, найзағай, бұршақ және аптап ыстық: Қазақстан бойынша 8 шілдеде ауа райы қандай болмақ

Фото: unsplash
Қазақстанда 2025 жылғы 8 шілдеде найзағай, бұршақ және аптап ыстықпен қатар тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктер ел аумағындағы синоптикалық жағдай мен ауа райының қауіпті құбылыстары бойынша болжам ұсынды. Онда келесі мәліметтер келтірілген:

"Атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы тұрақсыз болады. Елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында жаңбыр, найзағай, ал шығысында – қатты жаңбыр жауып, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Қалған өңірлерде антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі", – делінген "Қазгидрометтің" ақпаратында.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді, шығыста дауыл болуы ықтимал.

Сонымен қатар Маңғыстау, Атырау, Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, Ұлытау облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

"Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарында, Алматы облысының солтүстігі, батысы және орталығында, Қарағанды облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында, Ұлытау облысында, Ақтөбе облысының орталығында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі", – деп толықтырды синоптиктер.

Күндіз Атырау және Алматы облыстарында аптап ыстық болады – ауа температурасы +35°С дейін көтеріледі. Түркістан облысының батысында +40°С, ал Жетісу облысының шығысы мен солтүстігінде +35…+37°С күтіледі.

Алматы
Шымкент
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады