Павлодарлық ұрланған әшекейлерін тауып берген полицейлерге алғысын білдірді

Фото: Zakon.kz
Павлодар облысы ПД бастығы Василий Склярдың атына Павлодар қаласы ПБ жедел уәкілдері Раймбек Керуенов, Арман Серікқалиев және Диас Қайыровқа алғыс айтылған хат келіп түсті.
"Құқықтық тәртіп қызметкерлерінің кәсібилігі мен жедел әрекеттері үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Оларға зор денсаулық, отбасыларына бақыт және еңбектерінде табыс тілеймін", – деп жазды Азелла Рамазанова.

Белгілі болғандай, қала тұрғыны үйінде алтын зергерлік бұйымдарының жоғалғанын анықтады. Әйел дереу полициядан көмек сұрады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары ұрланған мүлікті тауып, заңды иесіне қайтарып берді.

"Алғыс сөздер — полицейлердің күнделікті өміріндегі жарқын сәттер. Әрбір тәртіп сақшысы – қиын жағдайда адамдарға көмектесу керек дейді", — полиция қызметкерлері.
Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады