Шымкентте екі жасар бала алтыншы қабаттан құлап, мерт болды

Сурет: pexels
Кеше Шымкенттегі Тұран-2 ықшам ауданында 6-қабаттан екі жасар бала құлап, мерт болды. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бұл - жыл басын бергі төртінші жағдай. Мамандар ата-аналарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyar.kz-тің хабарлауынша, қайғылы оқиға 6 шілде күні түске жақын Шымкенттегі Тұран-2 ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бала отбасымен 9 қабатты тұрғын үйдің 6 қабатында жалдамалы пәтерде өмір сүрген. Анасы үйде, әкесі жұмысқа кеткен. Ас бөлмесіне шығып кеткен анасы қас-қағым сәтте баласынан айырылып қалған. Марқұм қонақ бөлмесіндегі терезеге қойылған торға сүйеніп, тормен бірге құлаған.

"9 қабатты тұрғын үйдің 6-қабаты терезесінен кішкентай бала құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған хабарламаның мән-жайын анықтау бойынша департамент қызметкерлері шыққан. Жалпы жалдамалы пәтердің иелері балаларды қараусыз қалдырып, балалар маскитті сеткаға сүйеніп, тормен бірге жерге түсіп, жедел жәрдем көлігімен жолда қайтыс болған". Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы Ирисмад Махмудов

Басқарма басшысының мәліметінше, биылға қала бойынша бұл - төртінші қайғылы жағдай. Төрт жағдайдың үшеуінде балалар қайтыс болған.

Мамандар қайғылы оқиғалардың алдын-алу үшін ата-аналарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, сақ болуға үндеді.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды