Абай облысында полиция қызметкерлері Алакөл жағалауында рейд өткізді

Сурет: ҚР ІІМ
Рейд барысында ерекше назарды демалушыларға қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлерге аударылды. Осы кәсіпкерлер – Алакөл жағалауындағы жайлы демалыстың бет-бейнесі саналады.

Тексеру барысында полиция қызметкерлері бірқатар бұзышылықты анықтады: демалыс орындарында қалдықтардың қалуы, аумақтардың тиісті деңгейде күтілмеуі және қоқыстарды шығару тәртібінің сақталмауы.

Құқық бұзушыларға қатысты заң аясында тиісті шаралар қабылданды. Бірақ бұл рейдтің ең басты мағынасы – әркімнің таза ортаға жауапкершілігі бар екенін еске салу.

Полиция барлық жеке кәсіпкерді, демалушылар мен жергілікті тұрғындарды Алакөлдің тазалығына жауапкершілікпен қарауға және бірлесе әрекет етуге шақырады.

Тек бірлескен күш-жігермен ғана табиғи сұлулықты сақтап, баршаға жайлы әрі қауіпсіз демалыс орнын қамтамасыз етуге болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

Салықтық шығындар туралы талдамалық есеп қалыптастыру қағидалары бекітілді

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады