Қазақстанда 310 мың ер адам, 8 мың әйел балаларына алимент төлемей жүр

Сурет: Zakon.kz
ҚР Әділет министрлігі алимент өндіру бойынша атқарушылық іс жүргізу саласында тұрақты бақылау жүргізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі уақытта алимент өндіру бойынша 319 мың іс қозғалып жатыр. Борышкерлердің көпшілігі ер адам – 310 мыңнан астам, ал 8 мыңнан астамы – әйел.

13 мың атқару өндірісі бойынша қарыз – 18,5 млрд теңге.

"Көп жағдайда алименттік төлемдер жұмыс берушілердің есеп бөлімдері арқылы ай сайын өндіріледі. Банк шоттарына, мүлкіне тыйым салу және елден шығуға уақытша шектеу қою сияқты шаралар қолданылады", - деді ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. 

Сонымен қатар борышкерлерді жұмысқа орналастыру жұмыстары жүргізіледі. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында әділет органдары мен әкімдіктердің бірлескен жұмысының арқасында 3 077 борышкер жұмысқа орналастырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс